ЖАҢА ӘКІМ ЖҰМЫСЫН ГАЗ ҚҰБЫРЫНАН БАСТАДЫ
Бүгін ғана Қарасу ауылдық округінің тізгінін ұстаған Мади Жанұзақов округтің тыныс-тіршілігімен танысуды бастады.
Округті екі елді мекен құрайды. Олар — Шайдана, Ащыбұлақ ауылдары. Жұмыс жоспарына сәйкес, округ әкімі Аса-Тараз бағытындағы газ құбырларын орналастыру жұмыстарының барысын көрді.
Аталған магистралл арқылы екі ауылға газ тұтынуға берілмек. Қазіргі таңда ауылішілік көшелерге газ құбыры жүргізіліп, үйді-үйге «көгілдір отын» тетіктері қойылған. Ендігі кезекте магистралдағы газ тарту жұмыстары аяқталар болса, екі ауыл ағаш, тезек, қатты отын жағып, әбігерге салынудан құттылмақ.
Бүгінде жұмыстар орта белден асқан. Жыл соңына дейін көпшілік күткен газ қолданысқа берілмек.