ҚЫМБАТ — ЕҢ ЖАС ДАУЫС БЕРУШІ

Бүгін ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға еңгізілетін толықтырулар мен өз­герістерді бүткіл халықтың талқы­сына шығарып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.

 

Жамбыл ауданындағы 34 референдум учаскелерінде 50254 дауыс берушілер саны тіркелген.

Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келуші тұрғындарға ашық.

 

Осы күнге дейін референдумның мән-мағынасын кеңінен түсіндіру үшін ауданда 25 адамнан тұратын, 3 топқа бөлінген аудандық қоғамдық штаб құрылып, ауыл-аймақтар өз жұмыстарын жүргізген.

 

Жамбыл ауданында ең жас, яғни алғашқы дауыс беруші анықталды. Аса ауылының тұрғыны Қымбат Ынтықбаева №167 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Аталған сайлау учаскесінде 2553 дауыс беруші бар.

 

Жаңа Қазақ­­станды құрудың алғашқы қада­мын референдумнан бас­тау арқылы ПрезидентІміз бұдан былай әрбір қазақстандықтың пікірі ма­ңыз­ды болатынын айқындап отыр. Өйткені референдум — елдің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің төте жолы.

 

Тарихи таңдауыңды жаса!

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.