18 жастағы Рүстем өз таңдауын жасады

2003 ЖЫЛҒЫ ЖАС ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Бүгін ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға еңгізілетін толықтырулар мен өз­герістерді бүткіл халықтың талқы­сына шығарып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.

Жамбыл ауданындағы 34 референдум учаскелерінде 50254 дауыс берушілер саны тіркелген.
Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келуші тұрғындарға ашық.

Ауданда ең алғашқы жас референдум учаскесіне келген тұрғын анықталды.
Өрнек ауылы, Әбілдәұлы Бекбенбет көшесі №37 мекенжайда орналасқан №177 референдум сайлау учаскесінде 1477 сайлаушы тіркелген болса, 2003 жылғы Сәкен Рүстем Өмірғалиұлы алғаш рет дауыс берді.

Осы күнге дейін референдумның мән-мағынасын кеңінен түсіндіру үшіниауданда 25 адамнан тұратын, 3 топқа бөлінген аудандық қоғамдық штаб құрылып, ауыл-аймақтар өз жұмыстарын жүргізген.

Жаңа Қазақ­­станды құрудың алғашқы қада­мын референдумнан бас­тау арқылы ПрезидентІміз бұдан былай әрбір қазақстандықтың пікірі ма­ңыз­ды болатынын айқындап отыр. Өйткені референдум — елдің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің төте жолы.

Тарихи таңдауыңды жаса!

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.