Қыдыралыұлы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады

АУДАН ӘКІМІ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

 

Бүгін ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға еңгізілетін толықтырулар мен өз­герістерді бүткіл халықтың талқы­сына шығарып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.

 

Жамбыл ауданындағы 34 референдум учаскелерінде 50254 дауыс берушілер саны тіркелген.

Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келуші тұрғындарға ашық.

 

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы 2639 дауыс берушісі бар №166 референдум учаскесіне келіп, таңдауын жасады.

 

Осы күнге дейін референдумның мән-мағынасын кеңінен түсіндіру үшін ауданда 25 адамнан тұратын, 3 топқа бөлінген аудандық қоғамдық штаб құрылып, ауыл-аймақтар өз жұмыстарын жүргізген.

 

Жаңа Қазақ­­станды құрудың алғашқы қада­мын референдумнан бас­тау арқылы ПрезидентІміз бұдан былай әрбір қазақстандықтың пікірі ма­ңыз­ды болатынын айқындап отыр. Өйткені референдум — елдің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің төте жолы.

 

Тарихи таңдауыңды жаса!

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.