ҚАРАСУЛЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМҒА ОТБАСЫМЕН КЕЛУДЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға еңгізілетін толықтырулар мен өзгерістерді бүткіл халықтың талқысына шығарып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.
Жамбыл ауданындағы 34 референдум учаскелерінде 50254 дауыс берушілер саны тіркелген.
Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келуші тұрғындарға ашық.
Осы күнге дейін референдумның мән-мағынасын кеңінен түсіндіру үшін ауданда 25 адамнан тұратын, 3 топқа бөлінген аудандық қоғамдық штаб құрылып, ауыл-аймақтар өз жұмыстарын жүргізген.
Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округіндегі референдум учаскесіне келуші тұрғындар отбасымен дауыс беріп жатқаны анықталды.
Отбасымен Өзенбаевтар, Жарасовтар, Тұрысбековтер, Рәшімбаевтар, Саршаевтар келген.
Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы ПрезидентІміз бұдан былай әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды болатынын айқындап отыр. Өйткені референдум — елдің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің төте жолы.
Тарихи таңдауыңды жаса!
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі