Депутаттар тарихи таңдаудан тыс қалмады

ТАРИХИ ТАҢДАУДАН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ДА ТЫС ҚАЛМАДЫ

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға еңгізілетін толықтырулар мен өз­герістерді бүткіл халықтың талқы­сына шығарып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.

Жамбыл ауданындағы 34 референдум учаскелерінде 50254 дауыс берушілер саны тіркелген.
Қазіргі таңда барлық референдум учаскелерінің есігі келуші тұрғындарға ашық.

Осы күнге дейін референдумның мән-мағынасын кеңінен түсіндіру үшін ауданда 25 адамнан тұратын, 3 топқа бөлінген аудандық қоғамдық штаб құрылып, ауыл-аймақтарда референдумның мән-мағынасын кеңінен түсіндірген

Тарихи таңдаудан ёмәслихат депутаттары да тыс қалмады. Берік Дуйсебаев Гродеково ауылдық округі Қызылдихан ауылы №151 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Жаңа Қазақ­­станды құрудың алғашқы қада­мын референдумнан бас­тау арқылы ПрезидентІміз бұдан былай әрбір қазақстандықтың пікірі ма­ңыз­ды болатынын айқындап отыр. Өйткені референдум — елдің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің төте жолы.

Тарихи таңдауыңды жаса!

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.