АЙШАБИБІДЕ БІРҚАТАР ЖҰМЫС ТИЯНАҒЫН ТАПҚАН
Мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер тоқсан қорытындысымен ауыл тұрғындарымен кездесу жоспарланған болатын
Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Айшабибі ауылдық округінің тұрғындарымен елді мекендегі мәдениет үйінде кездесу өткізіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.
Өңір басшысы ауылда тиянағын табатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Сондай-ақ аудан басшысы жыл қорытындысы бойынша өткен есептік кездесуде көтерілген Қаратау ауылындағы кіребіріс көше, Айша бибі ауылындағы Жібек жолы көшесі жарықтандырылғанын, Жібек жолы көшесінің екінші жартысына тротуар, Айшабибі кесенесіне апаратын жол кеңейтілгенін, алдағы уақытта ауылда медресе салынатынын тілге тиек етті.
Ауыл азаматтары елді мекенге қажетті екенін және басқада сауалдарын алға тартты.
Тұрғындардың талап-тілегі хаттамаға еңгізіліп, жауаптар берілді
Кездесуде аудан прокуроры Қайржан Қуатбеков жергілікті тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі