КЕЗДЕСУ БЕСАҒАШ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер тоқсан қорытындысымен ауыл тұрғындарымен кездесу жоспарланған болатын
Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Бесағаш ауылдық округінің тұрғындарымен елді мекендегі мәдениет үйінде кездесу өткізіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.
Өңір басшысы ауылда тиянағын табатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Сондай-ақ аудан басшысы жыл қорытындысы бойынша өткен есептік кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы барысын баяндады
Өңір басшысы учаскелік полиция инспекторына үй-жай салынып басталғанын, спорт кешенін салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленгенін, жер телімін үлестіру жұмыстарын жүргізу үшін 18 шаруақожалықтың пайдаланбай жатқан жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылып жатқанын, қала маңынан ауылға кіреберістегі жолға ағымды жөндеуге қаржы қаралғанын және басқада жұмыстарды тілге тиек етті.
Ауыл азаматтары елді мекенге қажетті екенін және басқада сауалдарын алға тартты.
Қанғыбас иттерді аулау, ауыз су жұмыстарына зерделеу жүргізу, қоғамдық көлік бойынша сұрақтар назарға алынды.
Тұрғындардың талап-тілегі хаттамаға еңгізіліп, жауаптар берілді
Кездесуде аудан прокуроры Қайржан Қуатбеков жергілікті тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі