Шоқайда 150 орынды мектептің құрылысы басталды

🔰ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІМЕН МЕКТЕП САЛЫНУДА

Шоқайда көптен күткен мектептің құрылысы жүргізілуде

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Шоқай ауылындағы 150 орынды мектептің құрылыс жұмыстарын көрді.
Шоқайлықтар көптен бері қозғау салып жүрген білім ордасы ауылға кіреберістен бой көтеруде.
Құрылыс жұмыстарын «Таразстрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған.
Өңір басшысы білім ордасында басты сақталатын талап — сапалы жасау және бақылау ұдайы жүргізілетінін алға тартты.
Аудан әкімінің жұмыс сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы бірге жүрді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.