Екі ай бұрын орны белгіленген жерден спорт кешені салынуда

АЙШАБИБІ ДЕ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жұмыс сапарымен өткен жолы Айша бибі ауылына барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly ауыл азаматтарымен бірге спорт кешенінің орнын белгілеген болатын.
Қаладан ауылға кіреберістегі оң жақтағы алқапқа көпшіліктің таңдауы түскен еді.
Бүгінде мұнда спорт кешенінің құрылысы басталды.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының барысын көруге арнайы барып, мердігер өкілдерімен жолықты. Мердігерге сапа мен құрылыс жұмыстары назарда болатынын жеткізді.
Айта кету керек спорт кешенінің құрылысы  екі жылға жоспарланған.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.