ЕРЖАН ЖОЛБАЙ — ЕРНАЗАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен Жолбай Ержан Ерназар ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Ерназар ауылдық округіне барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауыл азаматарына жаңа әкімді таныстырып, ауыл әлеуетін көтеру жолында атқарылатын жұмыстардың барысын айтты.
Жолбай Ержан 1976 жылы 02 шілдеде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-технолог», 2002 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Заңгер», 2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1993 жылы «Силикат» ұжымдық шағын кәсіпорнында жұмысшы болып бастаған.
2000-2001 жылдары Жамбыл облыстық прокуратурасының қауіпсіздік және күзет бөлімінің маманы,
2001-2005 жылдары Жамбыл облыстық прокуратурасының қаржы-материалдық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы,
2005-2006 жылдары Талас аудандық прокурор көмекшісі,
2006-2008 жылдары Жамбыл аудандық прокурор көмекшісі,
2010 жылдың қыркүйек-қараша айлары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының арнайы күзет тобының бас инспекторы,
2010 жылдың қыркүйек-қараша айлары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік- құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы,
2011 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары, Бесағаш ауылдық округі әкімі аппараты,
2011-2012 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі,
2012-2016 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің меңгерушісі,
2016-2017 жылдары Өрнек ауылдық округінің әкімі,
2017-2019 жылдары Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы,
2019-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасының бөлім басшысы,
2022 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Байзақ ауданы Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметтерін атқарған.