Аудан басшысы Қарой ауылдық округінің жаңа әкімін таныстырды
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімімен, аудан әкімінің
өкімімен Әсет Үрпеков Қарой ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Қызылқайнар ауылдық округіне арнайы барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауыл әкімі Әсет Үрпековтің жұмысына сәттілік тілеп, ауыл ажарын ашуға, әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне білек сыбана кірісу қажеттігін алға тартты. Жиынға ауыл азаматтары қатысты.
Айта кету керек, өткен жылы 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осы орайда күні кеше Қарой ауылының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, дауыс берген болатын.
Сайлауда Әсет Үрпековке ауыл азаматтарының 72 пайызы дауыс берген.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі