Аудан әкімі Қызылқайнар ауылдық округінің жаңа әкімін таныстырды
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімімен, аудан әкімінің
өкімімен Төрехан Тапжанов Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Қызылқайнар ауылдық округіне арнайы барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұы ауыл әкімі Т.Тапжановтың жұмысына сәттілік тілеп, ауыл ажарын ашуға, әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне білек сыбана кірісу қажеттігін алға тартты. Жиынға ауыл азаматтары қатысты.
Айта кету керек, өткен жылы 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осы орайда күні кеше Қызылқайнар ауылының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, дауыс берген болатын.
імдігінің баспасөз қызметі