Айтылды — орындалды: Ақбұлымдағы алаң жаңартылуда

СӨЗДЕН-ІСКЕ: НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ӨТІНІШ ОРЫНДАЛДЫ

Ағымдағы жылдың наурыз айының 11 жұлдызында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Ақбұлым ауылындағы білім ордасында өткен кездесуде ауыл азаматтары 2021 жылы салынған футбол алаңына жарық шамдары және жасанды төсеніш орнатылса деген жастардың аманатын жеткізген болатын.

Кездесуде бұқаралық спортты дамыту Мемлекет басшының негізгі тапсырмасы екенін алға тартқан өңір басшысы ұсыныс биыл орындалатын айтқан.

«Сөзден-іске» келер болсақ, Ақбұлым ауылдық округіндегі шағын спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3 млн 800 мың теңге қаралып, бүгінде жұмыстар басталып кетті.
«Мади» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі спорт алаңына 8 жарық шамдарын,  көрермендерге арналған орындықтарды орнатып, ендігі кезекте жасанды төсенішті төсеу жұмыстарына кіріскен.

Қала маңындағы ауылда 676 жас тіркелген. Жастар шаңы көтерілген алаңнан әбден мезі болған. Олар 10 күн ішінде жасыл алаңда ойын өрнегін көрсететін болады.
– Көбіне бос уақытты осы алаңда өткіземіз. Жарықтандыру жүргізілді. Енді жасанды тоған жасалады деп жатыр. Біздер үшін үлкен қуаныш. Осы іске атсалысқан басшыларға алғысымды айтқым келеді, — дейді белсенді жас Әділет Сәрсенбеков.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.