Айтылды-орындалды: Кездесуде көтерілген 3 көше асфальттанды

Уәде мен үде: Жалпақтөбедегі үш көше асфальттанды

 

 

Ағымдағы жылдың наурыз айының 11 жұлдызында Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly мен Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаевтың @erzhandanaev өткен жылдың қорытындысы бойынша есебі Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінде өткен болатын.

 

Жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдулхалил Маюфи, ауыл азаматтары Рахымберді Саламатов, Әуесхан Әшірбаев, Әкімжан Жакыпов көше жарықтандыру, тротуар төсеу, көше асфальттау және баска да сауалдарды көтерді.

 

Тұрғындар пікірін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы алдағы уақытта аталған көшелер және сауалдар бойынша зерделеу жүргізіліп, шешімін табу жолына күш салатынын жеткізді.

 

Сөзден — іске келер болсақ, жергілікті жұртшылықтың тілегі бойынша Жалпақтөбе ауылындағы ұзындығы 2300 метрді құрайтын үш көшеге жол жабындысы төселіп, олардың өтініші орындалды. Құрылыс жұмыстарын «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талаптарға сай жасаған.

 

— Жолдың қадірін тек сол жолмен жүрген адам ғана біледі. Көшелер ескірген еді. Жүйіткіген көліктің де қозғалтқыш бөліктерін зақымдап бітті. Ауылда өткен кездесуде өңірдің басшысына Масанчи, Щивазы, Цхай көшелері асфальттанса деген сауалымызды жолдағанбыз. Бүгінде басшының берген уәдесі орындалып отыр, — дейді ауыл қариясы Әкімжан Жақыпов.

 

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.