Қазіргі күнге, аудандық маңызы бар «Жаңатас-Түркістан» автожолының 0-8,56 шақырым аралықтарындағы орта жөндеу нысаны бойынша жұмыстар аяқталып, пайдалануға беру рәсімдері жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, аталған жолдың Техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру мақсатында «Жол активтерінің Сапа орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Техникалық құжаттама бойынша асфальбетон жамылғысының қалыңдығы 5 см. төселу қажет. Зерделеу барысында, асфальбетон жамылғысы орта есеппен 6-7 см. қалыңдық шамасында төселгені анықталды.
Сонымен қатар, жобамен қарастырылмаған, қосымша жасанды имараттардың жиектерін бетондау жұмыстары мердігер тарапынан жүргізілді.
Бақытжан ЖӘНІБЕКОВ,
Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы