Есептік жиын: Жамбыл ауданында өтініштер орындалуда
Ағымдағы жылдың ақпан айының соңында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly мен Өрнек ауылдық округінің әкімі Азия Мәнтеевтің өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жиыны ауылдық клубта өтіп, онда ауыл азаматтары бірқатар сауалдарға жауап іздеген болатын.
Атап айтар болсақ, тұрғындар қылмыстың, ұрлықтың алдын алу мақсатында Жұма ауылы мен Өрнек ауылына бейнебақылау камералары орнатылса, Жұма стансасы мен Өрнек ауылындағы, яғни Көктөбе көшесінің жолы асфальттанса деген қажеттіліктерді көтерген болатын.
Жиында өңір басшысы аталған ұсыныс-пікірлер ескерусіз қалмайтынын, жыл ішінде шешімін табатынына сендірген еді.
Сөзден – іске келер болсақ, тұрғындардың талап тілегі бүгінде орындалды.
Өрнек ауылдық округінің әкімі Азиз Мәнтеевтің айтуынша, Өрнек ауылындағы бұрын орнатылған 2 камераға қосымша 6 камера, ал Жұма стансасына 2 камера орнатылып іске қосылды. Жалпы сомасы 6 млн 435 мың тенге жұмсалып, ел тілегі орындалып отыр, — дейді А.Мәнтеев.
Жұма стансасындағы Көктөбе көшесінің орта жөндеу жұмыстарына келер болсақ, «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында 3 шақырым 600 метр жол тақтайдай тегістелген. Құрылыс жұмыстарына бөлінген 49 млн теңгк бөлініп, «Жамбылдормостстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды мәреге жетеізді.
Жол торабы Өрнек ауылынан Жұма стансасының Көктөбе көшесінің негізгі бағыттарымен Аса-Өрнек-Ерназар аудандық мәндегі автомобиль жолына қосылады.
Бүгінде Өрнек ауылы және Жұма стансасының автомобиль жолының қатынасын жақсарып, Б.Тайшапұлы атындағы орта мектепке жұмалық оқушылар атындағы орта мектепке кедергісіз арнайы автобуспен тасымалдануда.
– «Халық айтса, қалып айтпайды». Жолдың қауіпсіз болуы үшін оның тақтайдай тегіс болуы аса маңызды. Аудан басшысының есептік жиынында көтерген мәселеміз өз шешімін тауып отыр. Ел игілігі жолында айтылған ұсыныстардың шешімін тауып жатқаны үшін қуаныштымын, — дейді ауыл ақсақалы Оңласын Атыхаев.
Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі