СҰЛУТӨРДЕГІ МҰҚАНОВ, ҮСІПБЕКОВ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАНУДА
Жыл басында Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен Қарой ауылдық округі әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде ауыл азаматтары Ә.Үсіпбеков,С. Мұқанов 1,2 көшелері мен қиылыстары жөндеу көрмегенін және мектепке баратын оқушылар жауын-шашын кезінде жүруге қолайсыздық тудыратынын айтып, көшеге жол жабындысы керектігін алға тартқан болатын. Сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне арналып ескерткіш тақта орнатылса деген ұсыныс-пікірлерін білдірген еді.
Аз ғана уақыт аралығында аудандық бюджеттен ескерткіш тақтаға қаржы қаралып, жұмыстар толығымен аяқталса, бүгінде Сұлутөрдегі көшелер тақтайдай тегістелуде.
Ауыл әкімі Әсет Үрпековтың айтуынша, құрылыс жұмыстары бақылауда.
— Жалпы Мұқанов көшесінің ұзындығы 2 шақырым 250 метр. Бүгінде Мұқанов көшесінің қиылыстары мен Ә.Үсіпбеков көшесі толығымен аяқталды. Жол жабындысын «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төсеуде. Апта ішінде Мұқанов көшесі тақтайдай тегістелетін болады, — дейді ол бізбен әңгімесінде.
Осылайша аудан басшысының халыққа берген уәделері орындалуда.
Сондай-ақ Пригордное ауылы Сұлутөр болып қазақша атауға өзгертілді
Жамбыл ауданы әкімдігі баспасөз қызметі