Сөзден-іске: Қала маңындағы ауылдың 3 көшесі жарықтандырылды

БЕСАҒАШ ТҮНДЕ ДЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ

 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өткен есептік кездесуде және Президент Жарлығына сәйкес, аудан, қала, ауыл әкімдерінің жергілікті тұрғындармен тоқсан қорытындысы бойынша кездесуінде бесағаштықтар аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының назарына бірқатар қажеттіліктерді ұсынған болатын.

Мысалға ауылдағы 3 көше: Абай, Жамбыл, Мырзахметова көшелеріне жарық шамдары орнатылмағанын, балаларды кешкі уақытта тысқа шығару үрей тудыратынын айтқан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдікәрім Ахметов көше жарықтандыруын қолға алу керектігін айтқан болатын.

Сөзден-іске келер болсақ, аудандық бюджеттен аталған үш көшені жарықтандыру үшін 11 млн теңге қаралып, «Алимхан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2,7 шақырымға (3 көшенің ұзындығы) заманауи жарық шамдарын орнатып берді.

Осылайша, ауыл азаматтарына берген уәделер орындалуда.

Бүгінде Бесағаш ауылындағы 3 көше күндіз ғана емес, түн уақытысында жарқырап тұр.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.