ЖАМБЫЛ ЖАСТАРЫ МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТІН АЙШЫҚТАДЫ

Жамбыл ауданында ерекше леппен атап өтілетін «Жастар күні» мерекесінің биыл да үрдісі үзілмеді.  Жылдан-жылға жаңа, әрі тың идеямен тойланатын күнді аудан жастары асыға күтеді. Биылғы жылы 12 тамыз – Халықаралық Жастар күніне орай «Мен жастарға сенемін» атты салтанатты шара Жамбыл ауылдық округінде кең көлемде тойланды. Айшабибі, Қаратөбе және Жамбыл ауылдық округінің жастары мерекелік концерт ұсынды. Мың бұралған би, әуезді ән, күмбірлеген күй, жүректен шыққан жыр, бәрі-бәрі мереке мезіретін әрлендіріп тұрғандай.

Кешке арнайы келген аудандық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Еркебұлан Құрманбеков өткізіліп жатқан іс-шара — жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, өнерге, өлеңге, мәдениеттілікке деген жастардың құлшынысын ояту болып табылатынын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Орынбасар Затыбеков: «Әрбір қазақ жастары мына бейбіт заманда тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы қажет. Себебі ел сенімін, үмітін ақтау – жастардың қолында»,- деп атап өтті.

Шараға келген жастар бір-бірін мерекемен құттықтап, шат-шадыман көңіл күймен тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.