Бүгін «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының жанынан құрылған «Партиялық мониторинг және қадағалау» тобы аудан орталығында орналасқан шағын дүкендердегі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
🔷Зерделеу барысында шағын дүкендердегі азық-түлік тауарларының бағасы жауапты облыстық басқарма тарапынан белгіленген бағадан аспағандығы байқалды.
Кәсіпкерлер жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасы жеткізуші делдалдарға байланысты күн сайын өзгеріп тұратындығын, жергілікті диқандардың өнімімен қатар, басқа да аймақтардан жеткізіліп жатқандығын атап өтті.
🔷Алдағы уақытта аудандағы дүкендер мен сауда орталықтарында, базарларда баға бойынша мониторинг тұрақты жүргізілетін болады.