Жамбыл ауданында 400-ге жуық оқушыға қолдау көрсетілмек

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН  400 ОҚУШЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Қасымов оқу жылы қарсаңында мектепке баратын оқуышаларға мектепке қажетті заттарды табыс етті.
Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:

— Ата-ана болғаннан кейін қыркүйек айы жақындағанда балаларды мектепке әзірлеп, оқуға қажетті затармен қамтамасыз етеміз. Ешкім баласын қатарластарынан қалдырғысы келмейді.
Аз қамтылған отбасылар я болмаса асыраушысынан айырылған отбасыларда бала үшін мектеп табалдырығы қаншалықты ыстық екенін біледі.
Бүгінде оларға қолдау көрсету мақсатында ауданның  100-ден аса оқушысына мектепке арналған оқу формалары мен аяқ киімдері, сөмкелері және оқу құралдары үлестірілді.
Таразы да салмағы ауыр амалға атсалысып, балаларға қолдау білдірген азаматтарға алғысымды білдіргім келеді.
Қыркүйек айына дейін  300 оқушыға осындай көмектер көрсетілетін болады, — деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.