Келесов: Зейнет жасына жақын қалған мамандар жұмыссыз қалмайды

Зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесу үшін «Күміс жас» жобасы бастау алды.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов:

 

— Жобаға зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған адамдар қатыса алады.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Қатысу кезеңінде Халықты жұмыспен қамту орталығы зейнеткерлік жас алдындағы адамдар жалақысының бір бөлігін бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.

Ай сайынғы субсидиялар мөлшері салықтар мен әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, жалақы мөлшерінің 50 пайызын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жас алдындағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына орналастырады.

Бүгінде Тараз қалалық Жұмыспен қамту орталығы 12 ұйымнан 50 жұмыс орнын құруға өтінімдер қабылдаса, Жамбыл ауданында 27 азамат жұмысқа жолдама алды. Жоба барлық ауданда қолға алынуда, — дейді басқарма басшысы.

 

Өтінімдер бір жылдан астам жұмыс істейтін және тұрақты салық және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізетін, сондай-ақ жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан қабылданды.

Толық ақпарат алу үшін жергілікті мекеніңіздегі Халықты жұмыспен қамту орталығынан білуге болады.

 

Облыс әкімдігі ЖҚҮЖӘБ басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.