Ауылдағы өзгеріске сұлутөрліктер дастархан жайды

СҰЛУТӨРЛІКТЕР АҚ ДАСТАРХАН БАСЫНДА БАСҚОСТЫ

Жыл басында Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен Қарой ауылдық округі әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде ауыл азаматтары Ә.Үсіпбеков,С. Мұқанов 1,2 көшелері мен қиылыстары жөндеу көрмегенін және мектепке баратын оқушылар жауын-шашын кезінде жүруге қолайсыздық тудыратынын айтып, көшеге жол жабындысы керектігін алға тартқан болатын.
Аз ғана уақыт аралығында аудандық бюджеттен ескерткіш тақтаға қаржы қаралып, жұмыстар толығымен аяқталса, бүгінде Сұлутөрдегі көшелер тақтайдай тегістелуде.

Ауыл әкімі Әсет Үрпековтың айтуынша, ауыл азаматтары тақтайдай тегістелген асфальтқа ризашылықтарын білдіруде.

— Жалпы Мұқанов көшесінің ұзындығы 2 шақырым 250 метр. Бүгінде Мұқанов көшесінің қиылыстары мен Ә.Үсіпбеков көшесі толығымен аяқталды. Жол жабындысын «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төседі.
Сондай-ақ осы уақытқа дейін аталып келген Пригордное ауылы Сұлутөр болып қазақша атауға өзгертілді

Жұмыстар аяқталысымен ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ақ дастархан жайдық. Ауыл тұрғындарының басы қосылған жиында құран оқытылып, тамақ таратылды, — дейді ол бізбен әңгімесінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.