Алғашқы жылы-ақ шабдалыдан мол өнім алды

ШАБДАЛЫ ТЕК ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ҒАНА БАР

Қара талдан ризық көрем деген әрбір жан оны баптай да білуі керек. Бұл жұмыстарды жүйелі жолға қоя білген Қаратөбе ауылдық округіне қарасты “Казфрутлайн” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Көшкінбай Құлманбетов биыл 16 гектарға алша, 3,5 гектарға шабдалы, 50 гектарға алманы орналастырып, өнімін жинауға көшті.
Табыстың тайқазанын тасытып, облыстағы ең алғаш шабдалыны орналастырған серіктестіктің жұмысымен аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly арнайы барып, танысып қайтты.
Тұқымды сонау Түркия мемлекетінен өткен жылы алдыртқан ол алғашқы жылы-ақ өнімді жоспардағыдай орындап отыр. Бойы 2 метрге шуықтаған шабдалының әр талы 25-30 келіден өнім беруде. Серіктестіктің жоспары бойынша келер жылдары әр гектардан 30 тоннадан өнім алынбақ. Еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтілетін шабдалыға бүгінде сұраныс көп.
Шаруашылықтың жұмысын көрген өңір басшысы өнімді аудан, облыс көлемінде саудалау қажеттігін айтып, оны баптай білген серіктестік басшысына ризашылығын жеткізді.
Ал аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Лаурат Амановтың айтуынша, жиналған өнімдерді сақтау үшін 2 мың тонна тоңазытқыш қоймалары бақтың қасында орналасқан.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.