ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢСЕ ТАУАРЛАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Қыркүйек айы алғашқы сыныпты аттағалы тұрған және келесі сыныпқа ауысқан оқушылар үшін маңызды кез. Болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бозбала мектепте білім алу арқылы асқақ армандарға жақындай түседі. Ал оқушылардың мектеп формасы мен оқуға қажетті заттардан тарықпауы алға қойған мақсаттарының орындалуына жол ашады.
Осы орайда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, шалғай елді мекеннің оқушыларына арналған кеңсе тауарлары жәрмеңкесі Жамбыл ауданында өткен аптадан бастап ұйымдастырылуда.
Жәрмеңкенің мақсаты — шалғай ауылдың оқушыларына қолдау білдіру, оларға қажетті заттарда арзандатылған бағада саудалау.
Бүгінде «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында да бастау алған кеңсе тауарлары жәрмеңкесі Айша бибі, Акбастау, Қызылкайнар, Гродеково, Қарасу, Акбұлым, Тоғызтарау ауылдарында өткізіліп, келуші азаматтарға тауарлар үлестірілді.
Алдағы апта да жәрмеңке басқада ауылдарда өткізу жоспарлануда.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі