Республикалық көркемсурет конкурсы өтеді

«Ортеке – балалар көзімен» атты
республикалық көркемсурет конкурсын өткізу қағидалары

I. Жалпы ережелер

1.1. Осы «Ортеке балалар көзімен» атты республикалық көркемсурет конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында әзірленген;
1.2. Осы Қағидалар «Ортеке балалар көзімен» атты республикалық көркемсурет конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу үшін негізгі құжат болып табылады және оның мақсаттары мен міндеттерін, қатысушылар құрамын, ұйымдастыру және өткізу мерзімдерін, бағалау өлшемшарттарын, конкурстық іріктеу және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін айқындайды;
1.3. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
— балалардың шығармашылық жұмыстары арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау, жаңғырту және насихаттау;
— Қазақстанның мәдени мұрасы туралы білімді қалыптастыру;
— балалардың «Ортеке» ұлттық биіне деген тұрақты қызығушылығын дамыту;
— дарынды қатысушыларды анықтау және қолдау;
— балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық, елі мен халқына деген мақтаныш сезімін сіңіру;
— балалардың шығармашылық қабілетін дамыту;
— балалардың бойында эстетикалық мәдениет, қоршаған әлемге деген мейірім сезімдерін қалыптастыру;
1.4. Конкурсты ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясымен, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен, Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігімен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерімен және материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комитетімен ынтымақтастықта болып табылады.

I. Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі

2.1. Конкурсты дайындау мен өткізуді Ұйымдастырушы жүзеге асырады;
2.2. Конкурс туралы ереже ақпараттық интернет-ресурстарда,
сондай-ақ республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады;
2.3. Конкурс онлайн форматта өтеді;
2.4. Конкурс аясында жеңімпаздардың үздік жұмыстарының онлайн көрмесі өткізіледі;
2.5. Конкурсқа жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының тәрбиеленушілері, балалар мен жастар ұйымдарының мүшелері қатыса алады;
2.6. Конкурсқа ұсынылатын шығармашылық жұмыстар келесі жас санаттары бойынша қарастырылады:
1) 1-санат: 5-ші сыныптан 8-ші сыныпқа дейін (қоса алғанда);
2) 2-санат: 9-шы сыныптан 11-сыныпқа дейін (қоса алғанда);
2.7. Ұйымдастырушы үміткерлерден Конкурсқа қатысу жөніндегі шығармашылық жұмыстары мен балалардың сауалнамасын 2022 жылғы
10 қыркүйек — 25 қазан аралығында orteke_kz.2022@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылдайды. Шығармашылық жұмыстар мен сауалнамалар (Қосымша 1) бір электрондық хатта жіберілуі керек;
2.8. Шығармашылық жұмыстар сапалы цифрландырылуы, JPEG форматына және full HD (1920×1080) кеңейтілуіне сәйкес болуы тиіс;
2.9. 2022 жылғы 10 қараша күні қазылар алқасы байқау нәтижелерін жариялап, байқау жеңімпаздарының онлайн-көрмесін ұйымдастырады;
2.10. Қосымша ақпарат алу үшін Конкурс Ұйымдастырушына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 919-035, 919-036 (ішкі. 624, 639, 648, 635, 652).

III. Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар

3.1. Конкурсқа А3 форматты қағазда (қалың қағазда) орындалған шығармашылық жұмыстар қабылданады. Жұмыс мөлшері басқа модельдерде A3 форматынан аспауы керек, мысалы, тіктөртбұрыш немесе шаршы;
3.2. Шығармашылық жұмыстарды кез-келген техникада жасауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі-түсті қарындаштар, қалам, компьютерлік графика, аралас техника және т. б.);
3.3. Конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмыстардың рецензиялары авторларға жіберілмейді;
3.4 Авторлардың бірлесіп орындаған шығармашылық жұмыстары қабылданбайды;
3.5. Шығармашылық жұмыстар ата-аналар мен мұғалімдердің көмегінсіз орындалуы керек;
3.6. Шығармашылық жұмыстар Конкурс тақырыбына сай болуы керек;
3.7. Шығармашылық жұмыстар қосымша безендірусіз қабылданады;
3.8. Бір қатысушы ұсынатын шығармашылық жұмыстардың саны 1 (бір) данадан аспауы тиіс;
3.9. Осы талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.

IV. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау критерийлері

4.1. Конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмыстар негізінде Конкурс жеңімпаздарын қазылар алқасы анықтайды;
4.2. Қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау кезінде әр жас санаты үшін келесі критерийлерді басшылыққа алады:
— жұмыс мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкестігі;
— көркемдік шеберлік (суретті орындау техникасы мен сапасы);
— мазмұнының ерекшелігі;
— конкурстық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі.

V. Қорытынды шығару және конкурс қатысушыларын марапаттау

5.1. Қазылар алқасы ұйымдастырушылар шығармашылық жұмыстарды ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде әр жас тобындағы үздік жұмыстарды іріктейді және конкурстың қорытындысын шығарады;
5.2. Әр топта үш жүлделі орын бекітіледі;
5.3.Ұсынылған суреттерді бағалау осы Ереженің 4.2-тармақшасында көрсетілген критерийлер бойынша он ұпайлық жүйемен жүзеге асырылады. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде әр критерий бойынша 0-ден 10-ға дейін ұпай қойылады. Ең жоғарғы ұпай шығармашылық жұмыс критерийлерге толық сәйкес келген жағдайда беріледі. Сурет критерийге толық сәйкес келмеген жағдайда ұпай сәйкестік дәрежесіне қарай беріліп, әрбір критерий бойынша жинақталады. Ең көп ұпай жинаған үміткер Конкурс жеңімпазы атанады;
5.4. Конкурс үміткерлері бірдей ұпай жинаған жағдайда жеңімпазды қазылар алқасы ашық дауыс беруі арқылы анықтайды;
5.5. Қазылар алқасының Конкурс қорытындылары туралы шешімі хаттамамен ресімделеді және Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін негіз болып табылады;
5.6. Жас топтарында 1-ші орын алған конкурс қатысушыларына Конкурс жеңімпаздары атағы, сыйлықтар мен дипломдар беріледі. 2-ші және 3-ші орындарға ие болған Конкурс қатысушыларына Конкурс жүлдегерлері атағы беріледі, естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталады. Жүлделі орындарға ие болмаған Конкурс қатысушыларына сертификаттар табысталады;
5.7. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі келесі мекенжайда өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда жүлдегерлерге марапаттар пошта арқылы жіберіледі;
5.8. Конкурс жеңімпаздары марапаттау рәсіміне шығармашылық жұмыстарын әкеледі. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда шығармашылық жұмыстар пошта арқылы немесе басқа да тәсілдермен келесі мекенжайға жіберілуі тиіс: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі;
5.9. Конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмыстар авторларға қайтарылмайды;
5.10. Ұйымдастырушы жеңімпаздардың үздік шығармашылық жұмыстарын халық назарына ұсынады, үздік 50 жұмыс www.nmrk.kz.ru сайтында және @orteke_kz.2022 конкурстың Instagram-парақшасында жарияланатын болады.

VI. Конкурсты ақпараттық қолдау

6.1. Конкурсты ақпараттық қолдау мақсатында Ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдарына пресс-релиз және конкурс туралы толық ақпаратты ұсынады.

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1
«Ортеке балалар көзімен» атты мектеп оқушылары
арасындағы республикалық суреттер конкурсының

САУАЛНАМАСЫ

Аты-жөні (толық)

Туған күні
(күні, айы, жылы)

Шығармашылық жұмыстың атауы

Жұмысты орындау техникасы

Оқу орны
(елді мекеннің атауы, оқу орнының толық атауы)

Қатысушының байланыс телефоны, электрондық поштасы

Мекен-жайы
(Облыс, қала/аудан, пошта индексі, көше, үй, пәтер)

Басшының немесе ата-ананың аты-жөні (толық)

Басшының немесе ата-ананың байланыс телефоны және электрондық поштасы

 

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.