Бұған дейін “Хабар24” арнасының бас редакторы қызметін атқарған Нұрбек Бекен АҚШ-қа Агенттік атынан меншікті тілші болып аттанып барады.
Енді «Хабар» Агенттігінің АҚШ-тағы тілшілер қосыны Нью-Йорктен Вашингтонға көшіп, журналистеріміз Ақ үйден тікелей ақпарат тарататын болады.
Нұрбек Бекен – отандық медиа саласының дамуына өз үлесін қосқан белгілі журналист. Еңбек жолын «Шығыс-Информ», «Өркен» сынды ақпараттық бағдарламалардың жүргізушісі, тілші болып бастаған. Халықаралық журналистика саласында бай тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары «Хабар» және «Хабар24» телеарнасының ҚХР-дағы меншікті тілшісі болып қызмет етіп, Associated Press-тің Бейжіңдегі студиясынан тікелей эфирлер жүргізген. Бұдан бөлек, «Шығыс-Ақпарат» медиа холдингінің Басқарма төрағасы, Жамбыл облысы «Aulieata-Media» холдингінің бас директоры қызметтерін атқарған.
Еске сала кетейін, «Хабар» Агенттігі әлемнің 16 мемлекетінен хабар таратады.