Бесағаш ауылдық округінің сайлаушылары бүгін өз таңдауларын жасауда.
Таңғы сағат 07:00-ден бастап округке қарасты 155,156 сайлау учаскелері қызу жұмыс істеуде.
– Мына сайлаудың өтуі өте дұрыс. Бұрын таңдауға мүмкіндік болмайтын. Ал, бүгінде халық өзі қалаған әкімге дауыс беріп, таңдауын жасап жатыр. Сайлаудан кейін жаңа әкім өз қызметін жақсы атқарып, халықтың игіліне жұмыс атқаратынына сенім мол. Халық алғашқы рет сайлап жатқандықтан қос тараптан да жауапкершілік болады деп ойлаймын,-дейді Бесағаш ауылының тұрғыны Медет Нұрмұхаметов.
Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 17 тамызда басталып, 26 тамызда аяқталды.