ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Осыған орай аудандық полиция бөлімінде ауданның Құрметті азаматы, полиция ардагері Сәпілмәлік Тәжиев пен аудандық ПБ-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұлов Жолдауды түсіндірді. 

Нұрсейіт Жапарұлы құқық қорғау органдарын реформалау туралы, бұл сала әрдайым қоғамның жіті назарында екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, құнды құжатта айтылған міндеттер мен берілген тапсырмалар әсіресе әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас болатындығына және бала күтімі үшін төленетін төлемді 1,5 жасқа дейін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аудару тапсырмасы берілгендігін айтты. Себебі, мұның бәрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Жолдауда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Яғни, ең алдымен құжатта адам мен оның мүддесіне басымдық берілген. Демек, Жолдау бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейді. Атап айтқанда, құжатта басты талап ретінде халықтың табысына маңыз берілді. Ең төменгі жалақының 70 мың болып артатынына да қараша халық дән риза. Түптеп келгенде, бұл Жолдауда қарапайым азаматтардың жағдайын жақсарту жайы қарастырылған. Жиын қорытындысы бойынша полиция ардагерлері жеке құрамды ел қауіпсіздігін нығайтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге шақырды. Сонымен бірге сақшылар Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына негізгі бағыттарын талқылап, бірауыздан қолдау білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.