ШЕКАРА МАҢЫНА ДЕЙІНГІ ЖОЛ ЖАҢАРУДА
Қала маңындағы Гродеково ауылының Ақ Жол көшесін асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 4 шақырым, ені 8 метрді құрайтын торапқа «Тараз көлік жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жол жабындысын төсеуде. Құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады деп күтілуде. Ал тақтайдай тегіс жолдарға жаңадан 3 аялдама салынбақ.
Сондай-ақ Ақ жол көшесінен бөлек, асфальттау жұмыстары Жалпақтөбе ауылынан басталып, Қырғыз Республикасының шекарасына дейін жеткізілетін болады. Аталған бағыттағы жол көптен бері тұрғындар тарапынан көтеріліп, асфальттау қажеттілігі айтылып жүрген.
– Көлік жүргізушілер мен ауыл тұрғындары үшін қуанышты хабар орын алып отыр. Орталық көшеміз жөндеуден өткізілуде. Тозығы жеткен еді. Оның үстіне кезінде арлы-берлі қатынаған ауыр жүк көліктері жолдың құрылымына зиянын тигізген, – дейді ауыл тұрғыны Бубипатима Берсенқұлова.
Бүгінде ескі жолдар арнайы техникамен сүрілуде. Жұмыстың аяқ алысы округ әкімі Болат Қожабеков пен ауыл азаматтарының назарында
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі