Елімізде неке тіркеу мерзімі 15 күнге қысқарды
Әділет министрінің 2022 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, өтініш бергеннен кейін тіркеу күнін белгілеу мерзімі бір айдан 15 күнге дейін қысқартылды. «Неке – некеге тұруға тілек білдірген адамдардың қатысуымен 15 күнтізбелік күні неке қию туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс емес күнге сәйкес келсе, онда мерзімнің аяқталу күні келесі жұмыс күні болады». Бұл ретте некеге тұратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша, егер тиісті органмен расталған дәлелді себептер (жүктілік, босану, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және өзге де ерекше мән-жайлар) болса, құжаттар (дәрігерлiк бiлiктiлiк комиссиясының жүктiлiгi туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) тiркеушi органның басшысы неке қиюды мемлекеттiк тiркеу мерзiмiн күнтiзбелiк 15 күн өткенге дейiн қысқартуы немесе ұзартуы мүмкiн. Бірақ кезең 15 күннен аспауы керек. Бұл ретте, неке қиюды мемлекеттік тіркеуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған жағдайда ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша кейбір жағдайларда неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін күту мерзімін ұлғайту мүмкін екені көрсетілген. 15 күнтізбелік күнді қысқартуға немесе ұлғайтуға рұқсатты некеге тұру туралы өтініш бойынша тіркеуші органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға қаулы түрінде береді. Бұйрық 2022 жылғы 15 тамыздан бастап күшіне енді.
Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі АХАТ қызметі.