Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Алаш арысының шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған байқауға ауданның 6 ауылдық округінен келген өнерпаздар қатысып, бақ сынады. Қатысушылардың өнерін аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұрсынхан Анарбай, аудандық Мәдениет үйінің қызметкері, әнші Сабира Зиябекова және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі Ақжігіт Жетпісбай сынды қазылар алқасы бағалады.

Алғашқы кезеңде өнерпаздар Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармашылығынан бір поэзиялық туындысын жатқа әрі мәнерлеп оқудан сайысты.

Мұнда Ақбастау, Айшабибі және Өрнек ауылдық округтерінің атынан шыққан сайыскерлер үздік өнер көрсетті. Екінші кезеңде, яғни ақынның мысалдарын өмір жолын сахналауда Айшабибі мен Қаракемер, сондай-ақ, Ақбұлым ауылдық округтерінің қатысушылар үздік өнерімен көзге түсті.
Мазмұнды шараны қорытындылаған қазылар алқасының төрағасы Тұрсінхан Серікханұлы қатысушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өнегілі жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттап, дәріптеуге атсалысқаны үшін алғысын білдірді.
Байқаудың екі кезеңі бойынша бірінші орынды Айшабибі ауылдық округінен келген Ару Күмісбек жеңіп алса, Қаракемер ауылдық округінен Ғұмар Жампоз екінші, Ақбұлымдық Малика Мұратова үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылардың атынан диплом мен сыйлықтар табысталды.