Қазақта «Бір тал кессең, он тал ек» деген қанатты сөз бар. Әрине, ауыл ажарын ашатын жасыл желек оттегімен де қамтамасыз ететіні белгілі. Бүгінде Шайқорық ауылының тұрғындары елді мекенді көгеріштендіру жолында ауыз толтырып айтатындай игі істер атқарып жүр. Жуырда «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Рамазан Мұзафаровтың бастамасымен Р.Момбаев көшесінің бойындағы орталық саябаққа 43 түп арша ағашы отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.Ауыл азаматтарының айтуынша, орталық саябақты түрлендіру үшін қабырғалы жұмыстар қолға алынған. Бұл игі іске ауылдың қалталы азаматтары мен жомарт жандары үлес қосуда. Ауылдың ауызбіршілігі мен ұйымшылдығына қарап, «ауылына қарап азаматын таны» деген тәмсіл еріксіз ойға оралады.
Prev Post
Next Post