АСА-ТАРАЗ ТАС ЖОЛЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының ағымдағы жылдың тамыз айының 26 күні № 523 қаулысы рәсімделіп,  аудан аумағында күзгі санитарлық тазалық жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру жөнінде арнайы штаб мүшелері бекітіліп, іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыстар қарқынды басталуда.

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков Аса-Тараз тас жолындағы тазалық жұмысын тексеріп, аудан аумағында сенбілік жұмыстарын сапалы орындау керектігін еске салды.

Тазалық акциясы 17 ауылдық округте және «Тараз-Аса» автомобиль жолы бойында аудандық 51 мекемелердің қатысуымен өтті. Аудандық мекемелер мен ауылдық округтер тарапынан күл-қоқыстан тазалау, қураған талдарды шабу және т.б. жұмыстар жүргізілді. Санитарлық-тазалық жұмыстарына жалпы 1780 азамат, 36 техника қатысып, 44 тонна қоқыс шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.