Бұл күні бос жүрген бір адам байқалмайды. Қолдарына күрек, тырмауыш, шалғы алған аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің ұжымы Аса-Тараз тас жолында белгіленген аумақтың шөбін орып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық іс-шарасына шұғылалықтар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір адамдай атсалысты. Барлығында бір мақсат, бір міндет. Алдағы уақытта сенбілік айынан тыс уақытта да аудан аумағын таза ұстасақ дейді қатысушылар.
