Еңселі спорт кешендері Жамбыл ауданында бой көтеруде

ҚАРАКЕМЕР ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударып:
– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.

Ауданымызда осы бағыттағы жұмыстардың серпім алуына облыс пен аудан басшылығы ерекше назар аударып отыр.

Мысалға, Қаракемер ауылында көпсалалы спорт кешенінің құрылысы басталуда. Құны 219 млн теңге болатын жобаны » ЕрНурЖанҚұрылыс-2010” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Құрылыс мерзімі 9 айды құрайды
— Ауыл жастарының өтінішімен елді мекенде заманауи спорт кешені бой көтеруде. Спорт кешенінің құрылысы аяқталған соң жасөспірімдер бос уақытын осында өткізіп, салауатты өмір салтының дамуына үлес қоспақ. Құрылыс жұмыстары бақылауымызда, — дейді Қаракемер ауылдық округінің әкімі Жәнібек Әуелбаев.

Бүгінде тұрғындар өтінішімен Жамбыл ауданындағы 4 ауылда спорт кешені бой көтеруде

Leave A Reply

Your email address will not be published.