Қазіргі таңда елімізде жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыстау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Қасымов бүгін партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыстады.
Партиялық билеттерді табыстау барысында партияның алға қойып отырған маңызды міндеттерін жүзеге асыру барысы сөз болып, билеттер табысталған азаматтарды Рүстем Қалмұханбетұлы құттықтап, алдағы атқарар жұмыстарға сәттілік тіледі.
Жаңа билеттерді табыстау жұмыстары алдағы күндері басқа да бастауыш партия ұйымдарында жалғасатын болады.
Жамбыл ауданы, Аса ауылы