АУДАН АБЫРОЙЫН ШУДА АСПАНДАТҚАН КІМДЕР

Таяуда Шу аудандық Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастырумен Әулиеата жастары өңірлік бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық нақыштағы ойын түрлерінен жарыс өтті.

Аталған шарада 9 команда бақ сынап өз ара кім мықтыны анықтады.

Жамбыл ауданының намысын қорғап барған «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жандар Жамбылұлы бастаған ұжым ат ерттеу, аударыспақ, арқан тартыс, жаяу тартыс сынды ойын түрлерінен оқ бойы озып шықса, аруларымыз қамыр жайып бауырсақ пісіріп ептіліктерін көрсетті. Осылайша біздің жастар 9 команданың ішінен 2 орынды иеленді.

Аудан мерейін Шу жерінде көтерген жастарға алғыс білдіре отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.