Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков Қызылқайнар, Гродиково, Полатқосшы ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
ъ
Тұрғындарға жыл басынан бері атқарылған, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Жергілікті жұртшылықтың мұң-мұқтажын біліп, талап-тілегін тыңдады.
Ел-жұртты толғандыратын мәселелерге баса мән беріп, түйіні тарқамаған түйткілдерге назар аударды. Ауылдағы ағайын жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, қаңғыбас иттерді аулау секілді мәселелерді алға тартты.