Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Көзбен көрген көп жайға қанықтырады» демекші, аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімінің басшысы Қуаныш Қарашолақов, аудан әкімінің бас инспекторы Береке Нәсіпбекұлымен Ақбастау, Жамбыл, Қаратөбе, Айшабибі, Көлқайнар ауылдық округтерін аралап, жай-күйімен танысты.
Байқағанымыздай, жылыту маусымына дайындық жіті назарда. Аудан бойынша әлеуметтік нысандар қылышын сүйретер қыстың құрсауынан қаймықпайтындай дәрежеде. Алайда, кейбір қажеттіліктер толықтырылса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Қыс – салғырттық пен қателікті кешірмейтін қатал сыншы. Халқымыз «Қыстың көзі қырауда» дейді. Қалай болғанда да, ауданға қарасты округтердегі барлық нысандардың қазандықтары сақадай-сай болғаны абзалырақ…