Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Жамбыл ауданында

Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев Қызылқайнар және Гродеково ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті.

Жиында Елдос Бекпатшаев сөз алып, жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалуы, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сөз сөйлеп, бірқатар мәселелерге тоқталды.

Бұл күні «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиал басшысы Назима Дәрменқызы округтерде анықталған олқылықтардың орнын толтыру қажеттігін айтса, аудан әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Жансая Оспанова мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормасын сақтауы қатаң бақылауда болатындығын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.