Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша басшысы Назима Дәрменқызы, аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жансая Оспановамен бірге Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті.
Басқосуда мемлекеттік қызметшілердің адалдығы, әділдігі, қарапайымдылығы, сыпайылығы, сапалы қызмет атқаруы, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі талқыланды.
Кездесуге қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, әдеп уәкілі тарапынан тұщымды жауаптар алды.