ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ҚАРОЙ МЕН БЕСАҒАШТА БОЛДЫ

Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша басшысы Назима Дәрменқызы, аудан әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жансая Оспановамен бірге Қарой және Бесағаш ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде Е.Бекпатшаев мемлекеттік қызметкерге жүктелетін жауапкершілікті, ел алдындағы абыройлы міндеттерді атап өтіп, ұжымдағы моральдық-этикалық нормаларына тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.