ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ӘУЕЗДІ ӘН СЫЙЛАҒАН КІМДЕР?

Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да өмір тәжірибесі мен білетіні сондай терең.

Қазан айының алғашқы күнімен бірге келетін қарттар күні қарсаңында Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің директоры Индира Бекенқызы бастаған өнерпаздар Тараз қаласындағы #2 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына» барып, қазыналы қарттарымыздың құрметіне арнап мерекелік кеш өткізді.

Алғаш болып құттықтау сөз сөйлеген аудандық Мәдениет үйінің директоры Индира Бекенқызы барша қарттарымызға ұзақ ғұмыр, бастарына амандық тіледі. Сонымен бірге бүгін біздің азаттықтың ақ таңында тату-тәтті, мызғымас бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымыз осы қарттардың яғни бабалар ерлігінің арқасында екендігін ашық жеткізді.

Кеш соңында #2 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» басшылығының атынан аудан өнерпаздарына Алғыс хат табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.