Жамбыл облысында 3 жаңа су қоймасы салынады

«2023 жылы Жамбыл облысында жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарлануда»

 

«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Жолдау жүктеген міндеттердің жүзеге асуы және вегетация кезеңінің қорытындысы» тақырыбында өткен баспасөз туры Байзақ ауданында қорытындыланды.

 

БАҚ өкілдері Байзақ пен Талас аудандарының шекарасында салынатын «Ақмола» су қоймасының құрылыс орнымен танысты. Баспасөз турын қорытындылап журналистерге сұхбат берген «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалының директоры 2023 жылы «Ақмола» су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңадан 9 су қойма салынады деген болатын. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес Қырғыз Республикасына суға тәуелділікті жою мақсатында Жамбыл облысында 3 жаңа су қоймасын салу жоспарланған.

Соның бірі – Талас ауданындағы көлемі 11,1 миллион текше метр болатын «Ақмола» су қоймасы. «Ақмола» су қоймасын Талас және Байзақ аудандарының шекарасының аумағында, Талас өзенінің бойында салу жоспарлануда.

Су қоймасын салудағы басты мақсат – Талас ауданың Талас өзені бойымен 6,5 мың гектар суармалы алқапқа суармалы кезеңде су тапшылығын болдырмау үшін шамамен 7м3/ сек тұрақты сумен қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге қаражат бөлініп, жобалаушы «КазГидро» ЖШС-і деп анықталды,–деді Қазыбек Қошқарбекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.