ТҰҒЫРНАМАҒА ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗІЛІП, ҚОЛДАУ ТАПТЫ
🔰Бүгін «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті. Конференцияға бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 100-ге жуық делегат қатысты.
✅Кезектен тыс конференцияның күн тәртібінде Партияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасы арқау болды.
🔰Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда жаңғыртуды тереңдетуге бағытталған ауқымды реформалар жоспарын ұсынғаны белгілі.
✅«AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады.
Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған.
✅Тұғырнама елімізде болып жатқан өзгерістерге «AMANAT» партиясының жауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжат болып табылады.
Саяси тұғырнама партия мүшелері, сарапшылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, азаматтық белсенділер қатысып, бірлесе жасаған пікірталастың нәтижесінде пайда болғанын айта кеткен жөн.
⚜️Саяси тұғырнаманы жаңарту жұмысы тек «халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізілуде. Әрбір партия мүшесі Саяси тұғырнаманы біліп қана қоймай, ондағы құндылықтармен бөлісе отырып оны күнделікті жұмысында басшылыққа алғаны қазіргі уақытта маңызды деп санау керек.
Тұғырнама Адамның, Қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуы, олардың өзара қарым-қатынасы принципіне құрылған.
⚜️Тұғырнаманы талқылауды алғашқы болып Партияның аудандық филиалының мәслихаттағы фракция жетекшісі Р. Сайлаубаев бастап, Партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Э. Абишева, «Қарасаз» БПҰ төрайымы А. Омарова, Партия аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Е. Абдиваитов өз ойларын ортаға салды.
⚜️Сөз сөйлеушілер Саяси тұғырнамада «Адам — басты байлық», ал «Азаматтық қоғам — дамудың кепілі» ретінде және «Мемлекет пен халық» біртұтас жүйе ретінде қарастырылып отырғанын баса айтты.
✅Конференцияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Партияның облыстық конференциясына делегаттар сайланды.