Қыдыралыұлы соғыс ардагерін құттықтап барды

СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ СОЛДАТЫН ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ

Жамбыл ауданындағы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Қасен Шанбаевтың жауынгерлік жолы туралы айтар сөз аз емес. Қаңтар айында ғасырға аяқ басатын Қасен Шанбаевты бүгін, яғни Қарттар күні аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы арнайы барып, құттықтап қайтты.

– Сіз егемен елдің қаһарманысыз. Бүгінгі ұрпақ оғландарымыздың ерлігін ұмытпайды. Сізді көнекөз қарттар күнімен құттықтаймын, – деді Ерлан Қыдыралыұлы өз сөзінде.

Бүгінде Айшабибі ауылының тұрғыны Қасен атадан тараған 3 ұл, 3 қыздың қатары 16 немереге, 41 шөбереге, 5 шөпшекке жетіп отыр.

Ардагерді төл мерекесімен аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Дәрмен Дәулет құттықтап, ізгі лебізін білдірді

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.