Тараз — дүниежүзілік қолөнершілер тізімінде

🔰 Жамбыл облысының орталығында төрт күнге жоспарланған халықаралық қолөнершілер көрмесі басталды. «Тараз – қолөнершілер қаласы» тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды шараға алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр аумағынан қолөнершілер мен құрметті қонақтар қатысуда.

📍 Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов @nurzhigitov_n ҚР Мәдениет және спорт министрінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев, Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, «Асыл Дизайн» сән үйінің «Аспара» брендінің бас дизайнері Айдархан Қалиев, «Шебер шаңырақ» мүгедектер ҚБ төрағасы Анар Бексұлтанова және Ресей, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикаларынан келген бірқатар қонақтар кездесті.

🔹 Кездесу барысында тараптар Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енуіне қатысты орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

– Тарихымызды таныту арқылы туризмді дамыту бойынша ауқымды шаралар жоспарлануда. Бұл бағытта жұмыс істейміз деген кәсіпкерлерге барлық қолдаулар көрсетіледі,-деді Нұржан Нұржігітов.

🔹 Бұдан соң облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Көне Тараз» тартихи-этномәдени кешенінде аталған халықаралық көрменің ашылу салатанатына қатысты. Алдымен қонақтар отандық және шетелдік қолөнершілердің көрмесін тамашалады.

🔹 Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізу бойынша сарапшылар комиссиясының қорытынды сертификатын Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке салтанатты түрде табыстады.

➡️Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында

🔰 В областном центре стартовала международная выставка ремесленников «Тараз — город ремесленников».

📍 Перед выставкой прошла встреча акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова с почётными гостями масштабного мероприятия. Среди них председатель Комитета индустрии туризма Министерства культуры и спорта РК Дастан Рыспеков, вице-президент Всемирного совета ремесленников Азиатско-Тихоокеанского региона Азиз Муртазаев, председатель Союза ремесленников Казахстана Айжан Беккулова, главный дизайнер бренда «Аспара» Дома моды «Асыл Дизайн» Айдархан Калиев, председатель общественного объединения инвалидов «Шебер шаңырақ» Анар Бексултанова и другие гости из Узбекистана, Татарстана, Таджикистана, Кыргызстана.

🔹 Гости обменялись мнениями относительно официального включения города Тараза в список мировых городов ремесленников.

– Планируется проведение масштабных мероприятий по развитию туризма в нашем регионе. Предпринимателям, которые намерены работать в этом направлении, оказывается поддержка,- сказал Нуржан Нуржигитов.

🔹 Затем аким области Нуржан Нуржигитов принял участие в церемонии открытия международной выставки в историко-этнокультурном комплексе «Көне Тараз». Гости ознакомились с работами отечественных и зарубежных ремесленников.

🔹 В ходе мероприятия вице-президент Всемирного совета ремесленников Азиатско-Тихоокеанского региона Азиз Муртазаев в торжественной обстановке вручил акиму города Тараза Бакытжану Орынбекову сертификат экспертной комиссии о включении города в список мировых городов ремесленников.

➡️Подробнее на сайте zhambyl.gov.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.