Оқушы тікелей эфирде жеңіске жетті

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

📌«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған облыстық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауынан оқушыларымыз үлкен жеңіспен оралды!

📌Тікелей эфирде өткен байқауда оқушыларымыз Өтеулі Бинұр мен Қайратұлы Бейбарыс «Теңіз толқындарынан электр энергиясын өндіру» және «Күн сәулесін тиімді пайдалана отырып жер бетін жарықтандыру » атты еңбектерімен 1 орындарды иеленді. Осы Техникалық жобаға ұйытқы болған және дайындаған «Әуе үлгілеу» үйірмесінің педагогі Қ.Отарбаевқа ғылым мен білім жолында шығармашылық табыстар тілейміз.

📌Сонымен қатар, жүлделі орынмен келген «Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру» орталығының оқушылары Қызылорда қаласында өтетін Республикалық байқауға жолдама алды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.